Бас тақырып

«Саран» шахтасында жаңа лава іске қосылады

Qarmet компаниясының баспасөз қызметі «Саран» шахтасында 770 мың тонна көмір қоры бар 71k12-3 лавасы табылып, пайдалануға берілгенін хабарлады. Бүгінде қазба жұмыстары басталып кеткен.

Суреттер: Qarmet компаниясының баспасөз қызметінен

Айта кетейік, «Саран» шахтасында бүгінгі таңда 1500-ге жуық адам еңбек етуде. Биыл кен орыны жоспарға сәйкес 1 млн. 305 мың тонна көмір беруі тиіс. Тау-кен қазбаларын қазу жоспары 5600 м құрайды. Одан бөлек, шахтада 740 мың тонна көмір қоры бар К7 қабатындағы 41 К7-B тарауы әзірленуде. Енді бұл жұмыстар мамыр айында іске қосылады деп жоспарлануда.

– Бірте-бірте жаңа лаваларды іске қосу компанияның барлық сегіз шахтасында жүреді. Өндірісті ұлғайту және өндіріс жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда, – делінген хабарламада.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button