Саран қаласында – жаңа әкім

   Облыс әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі лауазымына осыған дейін Октябрь ауданының әкімі қызметін атқарып келген Ержан ТЕМІРХАНОВ тағайындалды.

Ержан Темірханұлы 1980 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Заң білімін Қарағанды заң институтында 2002 жылы алған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша 2007 жылы тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде бастаған. 2005-2008 жылдар аралығында «Терма-Ақсай» құрылыс компаниясының басшысы қызметін атқарған. 2013 жылға дейін Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, содан кейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап Октябрь ауданының әкімі лауазымында қызмет еткен.

Саран қаласы әкімінің орнына Ержан Темірхановтың кандидатурасын жергілікті мәслихат депутаттары бір ауыздан құптады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.