Сапархан Омаров ҚР Ауылшаруашылығы министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрі болып тағайындалды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», — делінген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың С.К. Омаровты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлығында.