Жаңалықтар

Самарадағы сәтті ойын

   «Сарыарқа» Самарада сәтті ойын өткізді. Жергілікті «ЦСК ВВС» ұжымымен кездескен жерлестеріміз 1:4 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кезеңде Сергей Тополь (5-ші минут) мен Валерий Поляков (17-ші минут) бір-бір шайбадан салды. 0:2.

Екінші кезеңде Поляков (32-ші минут) пен Тополь (35-ші минут) тағы бір-бір мәртеден қақпашы Евдокимов қорғаған қақпаны дәл көздеп, қос шайбадан есептеріне жазды. 0:4.

Самаралықтар та арагідік шабуылға шығып тұрды. Және бір шабуылды нәтижелі аяқтады. 52-ші минутта «ЦСК ВВС» сапындағы Рамиль Сүлейменов мергендігін танытты. 1:4. Осы есеп төрешінің ойынды тәмамдаған ысқырығына дейін сақталды.

«Сарыарқа» қазір турнир кестесінің 4-ші сатысында. Қоржында – 35 ұпай. Көш басындағы Санкт-Петербургтің «Динамосының» еншісінде – 46 ұпай.

«Сарыарқа» енді Воронеждің «Бурановпен ойнайды. Матч 3 қараша күні Қарағандыда өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button