Бас тақырып

Салт-дәстүр – ұрпаққа мұра

Биылғы жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасын жариялаған болатын. Бұдан былай жыл сайын қазақстандықтар 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін өткізуге ниетті. Сонымен қатар наурыздың бірегей логотипы бекітілді. Наурызнаманың бағдарламасына сәйкес әр күн әр түрлі тақырыпқа сай аталып өтуде. Ал, бүгін, 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әр ұлттың өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтары сақталған.

Ал қазақ халқы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа өте бай халық. Әр заманның өзіне тән салты мен дәстүрі қалыптасқан.

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, тарихи білім мен мәдени құндылықтарды сақтауға арналған маңызды күн болып саналады. Ол күнде адамдар өз ұлттық мәдениетінің маңызын түсінуі қажет.

Заманның ағымына сәйкес дәстүрдің озығының қолданыста қалып, тозығы жеткендерінің ұмытылары сөзсіз. Соның айқын көрінісі ретінде бүгінде кей салт-дәстүрлер ұмыт болып, немесе өзгеріске ұшырағандары жетерлік.

Сондықтан салт-дәстүрімізді ұлықтап, ұмыт бола бастағанын қайта жандандырып, болашақ ұрпаққа үйретіп, жалғастыру – ұлттық міндетіміз!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button