Қарағанды

Сайыстан сүрінбей өтті

    Қалалық №21 негізгі мектебінде 1 «А» сынып оқушылары арасында «Кішкентай ару» атты сайыс өтті. Ұстаздар болашақ аруларды қазақы тәрбиеге баулу мақсатында әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың мәнін түсіндірді. Сайысқа Аружан Абдухашимова, Даяна Тенебекова, Аружан Совет, Кәусар Завутхан, Жанар Ержанқызы, Мавлюда Матхаликова сынды арулар қатысты. Сайысқа баға беру үшін қазылар тағайындалды. Мектеп басшылары Л. Горбунова және Б.Қонақбаева сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Сайыс бес бөлімнен ұлттық киім үлгісі (өзін-өзі таныстыру), білгенге маржан (сұрақ-жауап), сән үлгісі (пакеттен, қағаздан), қолөнер (сұрақ-жауап) бойынша ұйымдастырылды. «Кішкентай ару» атағын жеңіп алған Аружан Совет жанкүйерлерді таң қалдырды.

Данагүл БАЗЫЛОВА,

21 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button