Ресми
Сайлауға орай Приозерск қаласында қоғамдық көлік тегін
Бүгін Приозерск қаласының әкімдігі сайлауға байланысты қала ішіндегі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етті. Қала әкімдігі көлік компаниясымен келісімге келген. Бұл туралы Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлжаһан Шәрбекова хабарлады.
Бөлім басшысының мәлімдеуінше, қоғамдық көліктер барлық бағытта қатынайды. Өз учаскелері бойынша хабарласқан қарт адамдарға еріктілер арқылы автокөлік жіберіледі.
– Бүгін автобуста жол жүру тегін. Тасымалдаушылар тарапынан халықты әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл сайлаушылардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді, — деді Гүлжаһан Шәрбекова.
Нұрдос КӘРІМ.
ПРИОЗЕРСК.