Қарқаралы

Сағымбеков шәкіртақысы

       Жылдағы дәстүр бойынша, Аппаз ауылындағы Рамазан Сағымбеков атындағы №18 орта мектеп түлегіне облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің арнайы шәкіртақысы табысталды.

Жас түлектерді үлкен өмір мектебіне шығарып салуға арналған салтанатты шара Аппаз ауылындағы Рамазан Сағымбеков атындағы №18 орта мектепте ұйымшылдықпен өтті. Ауыл әкімі Қ.Сағатбеков жиналған қонақтар мен түлектерді мерейлі күнмен құттықтап, ақ жол тіледі.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Ш.Райымбекова аттестаттарды табыстап, мектеп білім сапасы бойынша жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқандығын да тілге тиек етті.

Басылымның Бас редакторы Мағауия Сембайдың арнайы тапсырмасымен ұсынылған шә­кір­тақыны оқуда алғыр Назерке Орал иеленді.

«Аппаз» шаруа қожалығының басшысы Р.Әлин мен Сағымбековтер отбасы, «Мұңалы», «Наурыз», «Ақдоңғал», «Жаңаауыл» шаруа қожалығының жетекшілері – А.Нұрхайдарұлы, Б.Тұрарұлы, А.Сыдықұлы, Б.Жәукенұлы тағайындайтын шәкіртақылар да лайықты иелерін тапты.

Шара соңында түлектерге сәттілік тілеген сынып жетекшісі Г.Кәкенқызы жүрекжарды лебізін білдіріп, ардақты ата Ш.Адамбеков ақ батасын берді.

Жалпы, биыл Қарқаралы ауданында 320 бала мектеп бітірді. Оның ішінде, 11 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.IMG-20170614-WA0003

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button