ЖаңалықтарСәтбаев

Сәтбаев қаласында жексенбілік бизнес-мектеп ашылды

Сәтбаев қаласында жексенбілік бизнес-мектеп өз жұмысын қайта бастады. Оның қызметі өткен жылы пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Ал қазір тыңдаушыларды қабылдау қайта жарияланды.

– Бұл өз ісіңді дамытуға тамаша бастама болып отыр. Оқудан 16 жастан бастап жастар, жұмыссыздар, көп балалы аналар және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер өте алады. Олар бизнесті ашу және жүргізу үшін қажетті білім алады, – дейді жоба жетекшісі Татьяна Хасанова.

Сабақтар онлайн және офлайн форматта өтеді. Қазіргі кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөліседі.

Оқу бес аптаға созылады. Жазылу 8-700-477-66-47 нөмірі бойынша жүргізіледі.

Биыл Сәтбаев қаласында Жастар кәсіпкерлігін қолдауға 20 млн теңге бөлінді. Жастар арасынан шыққан мектеп түлектері қала әкімінің гранты конкурсына қатыса алады.

Басқа материалдар

Back to top button