Сәтбаев қаласындағы №16 мектепте ІТ сынып ашылды

Сәтбаев қаласындағы №16 орта мектепте ІТ сынып ашылды. Бұл – «Нұр Отан» партиясының «Балаларға – тегін ІТ сыныбы» жобасы аясында қазақтың алғашқы академигі атындағы қалада жүзеге асқан бесінші игі іс.

Көрнекі сурет

Аталмыш жобаның мақсаты – елде осындай 1000 сынып ашу арқылы балалардың заманауи ІТ технологияны қолдана отырып сапалы білім алуына жол ашу. Бұл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын ойдағыдай орындауға да игі ықпал етеді.

– ІТ сыныпта балалардың базалық цифрлы машық қалыптастыруына барлық жағдай жасалған. Ол бірнеше жаңа ноутбукпен, 3D принтерімен, робот құрастыруға арналған құрал-сайманмен жарақтандырылған және жедел жылдамдықты интернет желісіне қосылған. ІТ сынып оқушының бағдарлама жасау мен робот техникасының негізін тереңірек оқып-үйренуі үшін факультативтік сабақ өткізуге арналған, – дейді Сәтбаев қалалық білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков.

Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»