Бас тақырып

Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды

Ресей мемлекеттік кино, фотоқұжаттар мұрағатынан қазақтың тұңғыш Премьер министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин бейнеленген кадрлар табылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Сурет: «Qazaqstan» ұлттық арнасының сайтынан алынды

Телеарнаның мәліметінше, мемлекет қайраткері бейнеленген бұл кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген. Таспаны тапқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек. Сонымен қатар ғылыми қызметкер Мәскеу мұрағатынан тағы қандай құнды деректерді кездестіргенін айтып берді.

– Мәскеу қаласына қазанның 19-27 аралығында 3 ғалым барған болатынбыз. Ресей мемлекеттік фотоқұжаттар мұрағатында болдық. Сол мұрағаттағы фотоқұжаттармен түгел танысып шықтық. Өзімізге қажеттілерін қарап шыққанда, Сәкен Сейфуллиннің бейнежазбасы кездесіп қалды. Сәкен Сейфуллинмен бірге, Ораз Жандос, Әліби Жангелдиннің бейнежазбасы осында түсірілген, – деді ғылыми қызметкер.

Ермұхамет Маралбектің айтуынша, бұдан бөлек Мәскеуден бірнеше құнды құжат табылған. «Ресей мемлекеттік Ленин атындағы кітапханада сирек қолжазбалар қорында жұмыс істедік. Алаш қайраткерлерінің көптеген еңбегі сақталған екен. Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми айналымда жоқ, еш жерде кездестірмеген еңбектері табылды. Ол туралы зерттей түсу керек. Зерттеу нәтижелерін алдағы уақытта жариялайтын боламыз» , – деді Ермұхамет Маралбек.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button