Қарағанды

Рухани байлық – тәрбие негізі

«Өзін-өзі тану» – әр адамды бақытты әрі қуанышты, қайырымды және мейірімді ететін баға жетпес рухани қазынаға ие. Пән мектеп жасына дейінгі балаға рухани білім беріп, жеке тұлғаның адами құндылықтарын дамытуға бағыттайды.

Сабақтарды мақсатты жүзеге асыруда «Балбөбек» балабақшасында «Өзін-өзі тану» апталығы өткізіліп, «Жалпы адами байлық – отбасылық тәрбиенің негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Екінші күні «Менің отбасымның тарихы» атты көрме өтті. Онда отбасылық құндылықты жария ету мен жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу көзделген. Балалар мен ата-аналар көрмеге белсенді атсалысты. «Әкем, анам, мен – спортшы отбасы» атты спорттық ойындарға бүлдіршіндер қатысты. Қатысушы ата-аналар өз отбасының тарихы мен отбасылық дәстүрлерге деген қызығушылықты дамыту жөнінде пікір алмасты. Апталық балаларды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, мейірімді және қайырымды болуға, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлауға баулыды.

Салтанат ТҰРСЫНХАНҚЫЗЫ,

«Балбөбек» балабақшасының әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button