Қарқаралы

«ROBOLAND-те» бақ сынайды

Қарқаралы қаласында аудан мектептері оқушыларының арасында «KARKARRoboland – 2018» аудандық фестивалі өтті. Шараның мақсаты – мектеп оқушылары мен балаларды инженерлік ғылым, робототехника және программалауға баулу, роботтарды жинау, құрау бойынша талантты оқушыларды айқындап, қолдау жасау болды. Ал, жеңімпаздар облыстық фестивальге жолдама алды.
Фестиваль «Интеллектуалдық сумо», «Жалғастырушыларға арналған желі бойынша жүру», «LEGOWedo», «Басқарылатын роботтар футболы», «Кегельринг квадро», «Лабиринт» категориялары бойынша өтті. Бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары қатысқан байқауда жарыстың барлық категорияларындағы есептері ескеріле келе, қазылар алқасы жеңісті «Қарқаралы қаласының балалар және жасөспірімдер орталығына» берді. Жеңімпаз команда үшінші мәрте Қарағанды қаласында жыл сайын өткізілетін «Роболэнд» халықаралық фестивалінде бақтарын сынайды.
Айта кету керек, Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен аудандағы 7 орта мектеп пен балалар және жасөспірімдер орталығында робототехника үйірмелері ашыла бастады. Ал, 2016-2017 оқу жылында Қарқаралы ауданы білім бөлімінің жергілікті бюджеті есебінен 9 млн. теңгеге 3 робототехника зертханасы, республикалық бюджет есебінен 12 млн. теңгеге 4 робототехника зертханасы алынған болатын.

Сағыныш Әбілова.

Қарқаралы ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button