Құрметті жерлестер!
Қарт адамдардың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
1 қазанда біз шуақты мерекені атап өтеміз, алдыңғы буын толқынына құрмет көрсетеміз. Бұл күні ақсақалдарымызды ардақтаймыз, алдында бас иеміз. Бірақ, мұндай құрмет – алдыңғы буынның ерен еңбегі, кемеңгерлігі мен адамгершілік қасиетіне деген шексіз алғысымыздың бір ғана бөлшегі.
Осы күні біздің өңірде 198 мыңнан астам зейнеткер бар. Оларды көзсіз ерліктері мен патриоттық сезімдері ерекшелендіреді. Олар тағдырдың талай сынынан өтті. Соғыс жылдарының ауыртпашылығын көрді. Бейбіт күнде зауыттар салды, тың игерді, қалалар мен кенттердің құрылысын салды.
Қадірлі ардагерлеріміздің өмірлік ұстанымы, қажыр-қайраты – өскелең ұрпаққа үлгі. Алдыңғы буынның көпшілігі жасының ұлғайғанына қарамастан, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. Еңбек жолын жалғастырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде. Сол үшін алғысымыз шексіз.
Құрметті ардагерлер! Біз Сіздердің өмірлік бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Осынау шуақты күні еңбектеріңіз бен төзімді, сабырлы қасиеттеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамыз. Облыстың барлық тұрғындарының атынан Сіздерге өмірдің бар жақсылығын және зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен бақуатты өмір тілейміз.
Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Р.ӘБДІКЕРОВ,
облыстық мәслихаттың
хатшысы.