Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

    Аймақтағы қазақ журналистикасының қарашаңырағы, облыстың айнасы мен шежіресі – «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдық мерейлі мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Алаш көсемі, жерлесіміз Әлихан Бөкейханов: «Әуелі – газета халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды» деп, баспасөз туралы тұжырымды ой түйіп, газеттің өмірден алар орнын, атқарар қызметі мен міндетін айқындап берген еді. Міне, сіздер 85 жыл бойы осы бір аталы сөздің аясында сөз маржанын тізіп, оқырман ойынан шығып келесіздер.

Құрметті әріптестер!

Алты Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген. Ендеше, «Орталықтың» айы оңынан туып, Тәуелсіздігіміздің тірегі бола берсін! Қаламдарыңыз қарымды, шабыттарыңыз шалымды, әрдайым ойларыңыз жалынды болсын! Отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!

Б.Дүйсетаев,

«Қазақстан» РТРК» АҚ

Қарағанды филиалының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button