Жаңалықтар

Құрметті «Орталық Қазақстан» газетінің еңбек ұжымы!

       Сіздерді облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Қара қылды қақ жаратын әділ билігімен атағы алты Алашқа жайылған даңқты Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың «Сөздің атасы – бірлік, анасы –  шындық» деген ұлағатты сөзін өзіне ұран етіп алған  «Орталық Қазақстан» газеті – Қарағанды облысының бай шежіресін талмай жазып келе жатқан өңіріміздегі беделді басылым.
Кезінде Ғабиден Мұстафин, Саттар Ерубаев, Ақселеу Сейдімбеков сияқты халқымыздың қабырғалы қаламгерлері еңбек еткен бұл басылым облысымыздың өміріндегі барлық салада кеңінен қалам тартып келеді. Газет Елбасымыздың салиқалы саясатын жүзеге асыру мен жастарға отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беруде және халқымыздың рухани-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттауда үлкен жұмыстар атқарып отыр.   
Сіздерді газеттің осы мерейтойымен құттықтай отырып, ақпарат айдынындағы еңбектеріңізге жаңа шығармашылық табыстар тілеймін.
Облыс жұртшылығының сүйікті басылымы «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button