Жаңалықтар

Құрметті «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы!

Қарағанды облыстық  «Орталық Қазақстан»
қоғамдық-саяси газетінің ұжымына

          Ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «Орталық Қазақ­­стан» газетінің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Өңірлік басылымдар қашанда экономикамыздағы оң өзгерістерді, қоғамдық өмірдегі тың жаңалықтарды, Мемлекет басшысының сындарлы саясатын жұртшылыққа кеңінен насихаттап, шынайы жеткізуде үлкен рөл атқарып келеді. Солардың қатарында «Орталық Қазақстан» газеті де бар.
Сіздер газетке идеялық бастамашы болған Ғ.Мұстафин, Ә.Әбішев, С.Ерубаев, С.Мұқанов, Б.Майлин, Р.Сағымбеков, Н.Оразбеков сияқты алыптардың игі дәстүрін жемісті жалғастырып, мемлекет саясатын насихаттай отырып, халыққа рухани бағдар беруге, елдікке шақыруға сүбелі үлес қосып келесіздер.
Мерейтойларыңыз құтты болсын! Оқырмандар қатары жыл өткен сайын еселей өсіп, еңбектеріңіз жана берсін!

Құрметпен Қазақстан Республикасы Ақпарат
және коммуникациялар министрі   
Дәурен Абаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button