Жаңалықтар

Құрметті Мағауия Сланбекұлы! Қадірлі «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы!

     Күні кеше ғана сексеннің сеңгіріне шығып, енді аралықтағы бес жылды да шығармашылық шабытпен, үлкен табыстармен еңсеріп өткен газеттің 85 жылдық мерейтойы құтты болсын!
  Арқаның аға газеті «Орталық Қазақстан» – баршамыз сүйіп оқитын басылым. Мақсаты айқын, байламы берік байыпты басылым беттерінен еліміздің тың бастамалары, өндірістік өңіріміздің жаңа асулары, ел іші жаңалықтары мен жетістіктері үнемі көрініс тауып келеді. Жаңалықтар жаршысы, руханияттың тамыршысы саналатын газеттен қалың оқырман қауым асыға күтіп отыратын көптеген тағлымды да тартымды мақалалар жарық көруде. Аймақтың әрбір өңіріндегі елдің тыныс-тіршілігін қалт жібермейтін газеттің алыс-жақындағы оқырмандарымен берік қатынас орнаған. Облысымыздың іргелі аудандарының бірі – Қарқаралы ауданының да табыстары «Орталықта» тұрақты түрде жарияланып келе жатқаны соның бір дәлелі.
  Заманның небір сындарлы шақтарын бастан өткерген, қазақ журналистикасының қайыспас қара нарлары өрге сүйреген газеттің бүгінгі ұжымы да тәжірибелі де білімді-білікті мамандар деп білеміз. Сексен бес жыл бойы қалыптасқан кәсіби шеберлік, тәлімді дәстүр, шығармашылық үрдіс уақыт өткен сайын шыңдалып, дамып, қарқыны артып келе жатқаны жаңа буын жастардың шығармашылығынан айқын көрінеді.
  Еліміздегі әрбір маңызды оқиға, межелі мәндеттерді елеусіз қалдырмай, әрдайым елдік мұраттарға үн қосып келе жатқан газеттің атқарып отырған қызметі орасан. Қаламы мен зерделі санасын қару еткен тілшілер билік пен бұқара халықтың арасында алтын арқау іспеттес. Елмен етене араласатын, қашанда халық ортасында жүретін газет қызметкерлерінің абырой-мәртебесі де сондықтан биік.
Міне, 85 жылдық мерейтойлы асуда да айшықты басылымның салмағы артып, мерейі асқақтауда. Ел шежіресін тынбай жырлайтын газеттің өз тарихы айтарлықтай. «Орталықтың» шыққан әр белесі, бағындырған әр биігі тәлімі мол том-том кітаптарға жүк бола алады. Себебі газеттің әр күні  – қайнаған өндірістің ошағы. Мұнда қаламы жүрдек, ойы ұшқыр, білімі табандылықпен ұштасқан зиялы жандар тер төгеді. Сондықтан қызығы да, қиындығы да мол қызметтеріңізде Сіздерге мол қажыр-қайрат тілейміз. Қаламдарыңыз мұқалмай, қашанда ел алғысына бөлене беріңіздер. «Орталықтың» ордалы ойы, қарымды қадамы, жеткен жетістіктері бүгінде 25 жыл толып отырған ел Тәуелсіздігінің жемістерімен астаса берсін. Жағымды жаңалықтарда, биік бастамаларда қауыша берейік!

Құрметпен:
Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button