Жаңалықтар

Құрметті әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері!

Сіздерді Әлеуметтік қызметкер күнімен құттықтаймыз! Бұл күні біз өз ғұмырын қайырымды іске – мемлекет және қоғам назарына мұқтаж жандарды қолдауға арнаған адамдарға алғыс білдіргіміз келеді.

Қарағанды облысының әлеуметтік қорғау саласында төрт мыңнан астам азамат еңбек етеді. Олардың қызметтері, тек, кәсіби шеберлік, тәжірибе мен білім ғана емес, үлкен төзімділік, қайырымдылық пен мейірімділікті талап етеді.

Қарағанды облысының әлеуметтік қорғау саласы сан қырлы. Біздің қоғамда соғыс және еңбек ардагерлері, жалғызбасты зейнеткерлер, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасылар мүшелері өмір сүреді. Аймағымызда олардың өмірін мәнді де мағыналы, жайлы да жарқын қылу мақсатында барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.

Бұл бағытта облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағдарланған бағдарламалар қолға алынуда. Мұның ішінде тұрғындарды әлеуметтік қолдауға арналған мақсатты жобалар да бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Қымбатты достар!

Сіздер қамқорлықтарыңызға алған жандардың жақсы көмекшісі және қайырымды достары болып табыласыздар. Қарағанды облысының әлеуметтік қызметкерлері жоғары кәсібилігімен, адамгершілік және мейірімділігімен ерекшелене отырып, жәрдемге мұқтаж жандардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне қол ұшын созып келесіздер.

Сіздердің қызметтеріңізге, кәсіп жолындағы адалдықтарыңызға деген жүрекжарды пейілімізді білдіре отырып, алға қойған мақсаттарыңызға сүрінбей жетулеріңізге тілектеспіз. Шын жүректен мықты денсаулық, бақыт пен қуаныш, отбасыларыңызға береке тілейміз!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button