Бас тақырып

Құрметті кеншілер, көмір саласының қызметкерлері!

Сіздерді Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – біздің аймақ үшін ерекше күн. Өкінішке қарай бұл мереке «Қазақстан» шахтасында болған қайғылы оқиғамен тұспа-тұс келді. Бұл күні біз осы салада қажыр-қайрат танытып, өз жұмысын адал атқарып жүрген жандарға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар өмірден өткен кеншілерді еске аламыз. Күн сайын шахтерлер қауымы ел игілігіне қызмет етіп, ел экономикасының өркендеуіне, оның ішінде айма­ғымыздың дамуына үлес қосады.

шахтерлер күні

Біз өзінің тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, кеншілердің даңқты дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан ардагерлерге және осы салада еңбек етіп келе жатқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Құрметті шахтерлер! Біз сіз­дердің қызметтеріңізге деген адал­дықтарыңыз бен еңбек­қор­­лық­тарыңызды жоғары ба­ға­лаймыз. Мерекеге орай сіз­дерге мықты денсаулық, отбасылары­ңызға амандық тілейміз!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі

Нүркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button