Жаңалықтар

Құрметті қаржыгерлер!

   Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Респуб­ликасы қаржы органдарының қызметкерлерінің кәсіби мере­кесімен құттықтаймыз!

1993 жылы біздің ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта теңге айна­лымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, теңге – біздің ел мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, осы 25 жыл ішінде тәуелсіз мем­лекетіміздің нышанына айналған теңге Тәуелсіздігімізді ны­ғай­та түсті.

Теңгенің айналымға енуі біздің елдің ұлттық нарық инфра­құрылымының қалыптасуына, қаржылай-несиелік және бюд­жеттік-салықтық саясатты жүзеге асыруға, реформалар бастауындағы макроэкономикалық тұрақтылықтың тиімді тұстарын ұстануға қажетті қадамдарымызды айқындауға септігін тигізді.

Теңгені қалыптастыру және нығайту жолында күн сайын біздің елдің қаржыгерлері өз ісінің кәсіби мамандары ерекше үлес қосуда.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы, бюджеттік саясаттың тиімділігі, көбінесе, Республиканың әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының, тың жобаларды іске қосу жолында сәттілікке бастайды.

Толағай табысқа бастайтын ілкімді істерді жүзеге асы­руға осындай қомақты үлесті, Сіздер Қарағанды облысы қар­жы мекемелерінің тәжірибелі, өз ісіне берік, білікті қыз­меткерлері қосуда.

Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжі­рибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басым­дық­ты, шынайылықты қажет етеді.

Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде, біздің облыс елдің жыл сайын экономикасы үдемелі дамып келе жатқан өнеркәсіптің орталығы ретінде қалыптасты.

Қымбатты достар!

Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Қаржыгер күні және Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Сіздердің істеріңізге табыс тілейміз. Қазақстан және біздің өңір экономикасының қаржылай ахуалының нығаюы жолындағы істеріңізге береке берсін.

Сіздерге шын жүректен табыс, жемісті еңбек, кәсіби та­быс, қаржы ісіндегі тұрақтылық пен жаңа табыстар ті­лейміз!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button