Қарқаралы

Құрбандарды еске алды

Саяси қуған-сүргін және ашаршы­лық құрбандарын еске алу шарасы Қар­қаралы қаласындағы Мәди Бәпиұлы ескерткішінің алдында өтті. Ел жазықсыз жазаланған жайсаңдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімі Халел Мақсұтов қасіретті жылдар құрбандарын еске ала отырып, қаралы естеліктің жүректерге жара салып кеткендігін айтты.

Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына аудандық архив басшысы Манарбек Кәрім шолу жасады. Ақтерек ауылындағы мектеп директоры Света Әбенова, Байтұрсынов­тың қызмет жасаған мектебі мемлекет қамқорлығына алынып, қайта өңдеуден өткендігін де тілге тиек етті. Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған Іңкәрбек Байжұмановтың қызы Рымкүл апай алдағы уақытта жазықсыз жапа шеккендерге арнап ескерткіш қойылса деген тілегін жеткізді.

Құнанбай қажы мешітінің бас имамы Асқар Қуатбеков құрбандардың рухына құран бағыштады.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button