Қарағанды

ҚР сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездеседі

24 қарашада Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев Қарағанды облысына келіп, өңір жұртшылығымен кездесу өткізеді. Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдайды.

Жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу 15:10-нан 16:20-ға дейін өтеді.

Брифинг – 16:30-дан 17:00-ге дейін.

Азаматтарды қабылдау – 17:05-тен 18:00-ге дейін.

Іс-шаралар Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4 мекенжайындағы Аmanat партиясы филиалының ғимаратында өтеді.

Сұрақтарды тікелей сауда және интеграцияның бірінші вице-министрімен кездесуде қоюға немесе WhatsApp-қа жіберуге болады: +7-701-701-01-34 (МТИ), сондай-ақ аймақтағы телефондар: +7-708-708-34-35, +7-705-826-64-74.

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге +7-701-512-03-65 телефоны арқылы жазылуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button