Жаңалықтар

Рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне қоқыс шығарған тұрғын ұсталды

Қарағанды тұрғыны рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне 20 жүк көлігіне сыятын құрылыс қалдықтарын тастаған.

Бұл дерек облыстық экология департаменті мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген ЖЭО-1 ауданындағы рейд жұмыстары кезінде анықталды. Заң бұзушы оқиға орнында ұсталды, оған айыппұл салынады.

Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтың мән-жайы анықталуда.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабында («Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу») жеке тұлғаларға 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.  (лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК (345 мың тг).

Егер сіз заңсыз қоқыс шығарудың куәсі болсаңыз, экология департаментіне (8-7212) 41-09-66 телефоны арқылы хабарлауыңызға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button