Жаңалықтар

Қоқыстарды заңсыз орындарға төкпеңіздер!

Қарағанды облысы экология департаментінің ақпараты бойынша, өңірде жылдан жылға рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны азайып келе жатқаны белгілі болды. Мәселен, 2020 жылы Қарағандыда 382 рұқсат етілмеген полигон, 2021 жылы – 350, 2022 жылы – 162 полигон анықталған.

Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандардың әкімдіктерімен жұмыс жыл сайын жүргізіледі. Ағымдағы жылы да полигондарды жою жоспарлануда.

Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігінің абаттандыру және жедел басқару бөлімінің басшысы Сәбит Жансағымов:

– Өткен жылы ауданда 25-ке жуық полигон жойылды. Биыл да жұмыс жалғасады. Полигондарды жою бойынша жұмысты ауданның қай нүктелерінде қоқыс шығару керектігін көрсететін экологтармен бірлесіп жүргіземіз. Сондай-ақ, әкімдік мамандары полигондарды анықтау үшін айналма жол жүргізеді. Біз Полиция Департаментімен бірлесіп жұмыс атқарамыз, бірақ аудан тұрғындары қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге шығаруды жалғастыруда. Аудан тұрғындары тарапынан көптеген шағымдар келіп түсуде. Қоқыстар қайтадан пайда болмас үшін, қалаған жерлеріне қоқыс тастайтындарды жазалау керек,-дейді.

Сондай-ақ, абаттандыру және жедел басқару бөлімінің басшысы кейбір жеке сектор тұрғындары үйлерінің жанына қоқыс жәшіктерін сатып алудан және орнатудан бас тартатынын айтады. Бұл жағдайда олар қоқысты қайда шығарады деген сұрақ туындайды.

– Кейбір тұрғындар бізден, әкімдіктен оларға қоқыс контейнерлерін сатып алуды және орнатуды сұрайды, бірақ бұл бюджетпен қарастырылмаған, – дейді Сәбит Жансағымов.

Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталады,-дейді.

Аудан әкімдігінің мамандары Қарағанды облысы бойынша экология Департаментімен, сондай-ақ учаскелік мамандармен бірлесіп «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ геопорталының анықталған деректері бойынша тұрақты негізде рейдтік жұмыстар жүргізеді. Геопортал полигондар орналасқан жерлерді анықтайды, – деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button