АймақЖаңалықтар

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының нысандарына баспасөз туры өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектісінің міндеттемелерінің, атап айтқанда 2023-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларының орындалу барысы туралы ашықтық және айқындық мақсатында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының нысандары бойынша БАҚ және тұтынушылар үшін 6 қыркүйек сағат 10:00-де баспасөз турын өткізеді.

Сурет:opennews.kz

Нысандарға шығу үшін жиналу орны: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының әкімшілік ғимараты.

Департамент аталған іс-шараға облыс және қалалық маслихат депутаттарын, мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

БАҚ-ты аккредиттеу үшін 87212411827, 42 67 00 телефондарына хабарласуға болады.

 Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button