Басты тақырып

«QASYM.KZ» қара үзді

    Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы әдеби-танымдық портал жылдың үздік сайттарының қатарынан табылды.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған ең үздік қазақ тілді интернет-сайт байқауының «Рухани азық» аталымының жеңімпазы деп танылды.

Қасым Аманжолов атындағы «Қасым.kz» сайт-порталы осыдан бес жыл бұрын, дауылпаз ақынның ғасырлық тойы қарсаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тіл жанашыры Нұрлан Дулатбеков идеясы бойынша «Болашақ» академиясының демеушілігімен ашылған болатын. Осы аралықта сайт-порталда әдебиетімізді, мәдениетіміз бен тарихымызды кеңінен насихаттауға арналған мыңдаған жазба жарияланды.

Бұл байқауға кемінде бір жыл көлемінде қазақ тілінде ақпарат таратумен айналысқан, үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысқан болатын. Қазылар алқасы әр сайттардың мазмұны, қызметтік бағыты, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі мен тартымдылығы және танымалдылығы бойынша саралап, бағаларын берді. 30-дан астам тәуелсіз сайттың ішінен үздік деп танылған 7 сайт арнайы аталымдар бойынша марапатқа ие болды. «Рухани азық» аталымы бойынша жеңімпаз атанған qasym.kz сайты арнайы диплом және 300 мың теңгелік сертификатымен марапатталды.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

«Қасым» порталы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button