Бас тақырып

Qarmet: тағы бір конвертер іске қосылды

Qarmet металлургиялық комбинатында жабдықтарды жаңғырту жалғасуда. Кәсіпорын тарихында алғаш рет бір жыл ішінде екі конвертер корпусы ауыстырылды, бұл өте қиын және уақытты қажет ететін міндет. Қазір үш қондырғы жұмыс істейді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттер компанияның баспасөз қызметінен

– Біз №1 конвертерді күрделі жөндеуді аяқтадық және оны сәтті іске қостық. Бұл жаңарту конвертер цехының, әсіресе балқыту учаскесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырады. 11 ай бұрын біздің жұмысымызда бір ғана толық жұмыс істейтін №3 конвертер болған, ал қалған екеуінің әбден тозығы жеткен еді. Енді қазір үш конвертер жұмыс істеп тұр, олардың екеуі биыл жөнделді, – деп түсіндірді болат департаментінің директоры Андрей Берг.

№1 конвертердің жаңа корпусының көлемі ұлғайып, балқыту салмағын арттыруға және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ, конвертерде газ тазарту жүйесінің бөлігі болып табылатын жаңа кессон бар. Бұл экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға және өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

11 айда 3 млн тонна болат өндірілді, деп хабарлайды компания. Бұл 2023 жылдың қорытынды көрсеткішімен бірдей.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button