Бас тақырып

Qarmet-те алғашқы миллион тонна болат өндірілді

«Qarmet» АҚ ұжымның қажырлы еңбегінің нәтижесінде алғашқы миллион тонна болат өндірілді. Бүгінде өнім ішкі нарықтың қажеттілігін қанағаттандырып тұр. Тіпті, өнімге сұраныс та артқаны жайында хабарланған.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

– Болаттың орташа айлық өндірісі 300 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 50 мың тоннаға артық. Ағымдағы айда 326 мың тонна болат өндіру жоспарлануда. Бұған нөмірі 2-ші конвертерді жөндеуден кейін пайдалануға беру ықпал етеді, – деді Qarmet болат департаментінің директоры Андрей Берг.

Компанияның мәліметінше, 2024 жылдың төрт айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Qarmetтің тегіс прокат сатылымы 8%-ға, ал, Орталық Азия нарықтарындағы өнім сатылымы – 15%-ға артқан.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button