Приозерск

Приозерск қаласында мұражай ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында атап көрсетілгендей қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді.

Шежірелі мекеннің бірі – Приозерск қаласындағы №2 орта мектепте оқу-өлкетану мұражайы ашылды. Енді, оқушылардың өз қаласының, өз туған жерінің тарихы туралы көбірек білуге мүмкіндігі бар.

Мұражайда мектепке, қала тарихы мен оның аумағында орналасқан әскери бөлімдерге қатысты деректер топтастырылған. Мектеп мұражайы «Жылдар жаңғырығы», «Туған қаланың тарихы», «Туған жердің флорасы мен фаунасы» атты үш бөлімнен тұрады. Жәдігерлер қала мен оның тұрғындары туралы көп сыр шертеді. Сондай-ақ, «Ардагерлер – біздің мақтанышымыз» атты Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы құнды жәдігерлермен толыққан.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button