АймақПриозерск

Приозерск қаласында 450 түп ағаш егіледі

Приозерск қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл Аймақ» апталығында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қала әкімі Мансұр Ахметов және қаламыздың жастары, жеке кәсіпкерлер, қала тұрғындары, бөлім қызметкерлері абаттандыру жұмыстарына қатысты.

Осы аптада Приозерск қаласына 450 түп ағаш егу жоспарда бар.

Тұрғындар мен еріктілер аумақтағы ағаштарды әктеп, орындықтарды сырлап, коммуналдық мекеме қызметкерлері ағаштар мен көгалдарды ретке келтіру жұмыстарын жасауда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button