Бас тақырып

«Жасыл аймақ»: Қарағандыдағы «Жастар Аллеясына» көшеттер отырғызылды

«Таза Қазақстан» және «Жасыл аймақ» акцияларын өткізу аясында Қарағанды қаласында Майқұдық саябағында, «Жастар Аллеясы» атты жаңа аллеяда жасыл көшеттер отырғызылды. Экологиялық қозғалыс еріктілері ардагерлермен, депутаттармен, жұртшылықпен, тұрғындармен бірлесіп 500-ден астам көшет отырғызды, сонымен қатар  Қарағанды қаласы бойынша 3000 көшет отырғызылатын болады. Ағаш отырғызуға қалалық мәслихат төрағасы Алтынтөре Бөкенов арнайы қатысты.

Суреттерді түсірген автор

– Бұл акция – өскелең ұрпақ үшін үлкен маңызға ие, өйткені бір рет өз қолымен отырғызылған ағаш ұзақ уақыт есте қалады және әрбір кішкентай баланың жүрегінде сақталады, – деп атап өтті. Алтынтөре Бөкенов

«Таза Қазақстан» және «Жасыл аймақ» акциясына белсенді жастар да, қаланың экологиялық қозғалысының еріктілері де қатысты, олар біздің елімізді, туған қаланы абаттандыру, экологиялық жағдайды жақсарту біздің қолымызда екенін атап өтті.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button