Жаңалықтар

Пияз – табиғи антибиотик

Асүйде жиі пайдаланатын қарапайым пияздың адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Оны жиі тұтынатын адамдар диабет, атеросклероз және рак сияқты аурулармен сирек ауырады.  

Пияз – тек табиғи антибиотик қана емес, сонымен қатар пайдалы заттардың көзі. Оның құрамында А, В1, В2, С, Е дәрумендері мен магний, кальций, марганец, темір, фосфор элементтері бар. Пиязға антибиотик әсерін күкірт қоспасы мен роданид-сутектік қышқыл қоспасы береді. 

Пияздың құрамында оны тазартқанда және турағанда бөлінетін эфир майы бар, ол бізді жылатады. Оның сол тітіркендіретін әсері пайдалы. Пиязды турағанда көз жасы безімен қатар мұрын қуысы, бронх және тыныс жолы бездерінің белсенділігі артады. Мұндай әсер тыныс алу жолдары шырышын жылдам тазартуға көмектеседі. Ал мұрын қуысы мен бронхта тітіркену кезінде лизоцим ферменті өңделеді, оның антибактериялық әсері бар, яғни, жұқпамен күреседі.

Басқа материалдар

Back to top button