Партия жұмысын саралады

   Жуырда «Нұр Отан» партиясы Қазыбек би атындағы аудан филиалында партия ұйымдарының ХІV есептік-сайлау конференциясы өтті.

Іс-шараға облыстық Саяси кеңес мүшесі А.Степаненко, партия активі, қалалық мәс­лихат депутаттары, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.Тұяқов, үкіметтік емес ұйымдардың және «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар Сая­си кеңестің есепті мерзімдегі жұмысын саралады. Алдағы жұмыстың жоспарын талқылап, басым бағыттарды айқындады.

Басқосу соңында филиал төрағасы Т.Шатохина пар­тияның белсенді мүшелеріне Алғыс хаттар табыс етті.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.