Басты тақырыпОблыс әкімі

Партия жүктеген міндет

    Кеше «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының XXVII кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияда Қарағанды облыстық филиалының атқарған жұмыстары, алдағы жылға межелі міндеттер, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасын сайлау және Саяси Кеңестің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

 

 

Конференцияға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова, облыс әкімі Ерлан Қошанов, облыстың барлық аймақтарынан келген 125 делегат қатысты.

Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова баяндама жасап, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша 4000-нан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілгенін атап көрсетті. «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенділерімен «ҚР Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң жобасы туралы 5000 кітапша таратылды. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 1800-ден астам материалдар шығарылған. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, партиялық этиканың сақталуына бақылау жүргізу туралы, партиялық комиссиялардың оң үдеріс тәжірибесі атап өтілді.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова конференция қатысушыларына «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағалығына облыс әкімі Ерлан Қошановты ұсынды. Делегаттар кандидатураны бірауыздан қолдап, облыстық филиалдың Саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізілді.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

Бұл ең алдымен Елбасының және сіздердің сенімдеріңіз, сонымен қатар, асқан жауапкершілік. Алдымызда тұрған үлкен міндеттерді бірлесе жүзеге асыратынымызға сенімдімін.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button