Аймақ

Отыз отбасына баспана

Конституция күніне орай Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында, Ақадыр, С.Сейфуллин кенттерінде 30 пәтердің кілті табысталды. Ақсу-Аюлыдағы қуанышқа аудан әкімі Мұхит Мұхтаров ортақтасып, баспаналы болған отбасыларды құттықтады.

 

– Бүгін еліміздегі мерейлі мереке Конс­титуция күніне орай, аудан орталығында 4 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Айта кету керек, аталмыш үйлерді алу еліміздегі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында бастапқы нарықтан тұрғын үй сатып алу арқылы мүмкін болып отыр. Жалпы, мереке қарсаңында Ақсу-Аюлы ауылынан бөлек, ауданымыздың Ақадыр, С.Сейфуллин кенттерінде 26 отбасыға осындай жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді. Баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдіктер тарапынан жүзеге асырылып жатқан маңызды жоспарлардың бірі. Халықпен әр кездесуде жиі көтерілетін мәселе біртіндеп оң шешімін табуда. Баршаңызды бүгінгі қоныс тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа баспаналарыңыздың іші қуаныш пен шаттыққа толсын, – деді аудан басшысы Мұхит Мұхтаров.

Өз кезегінде қуанышқа кенелген отбасылар мемлекеттік бағдарлама аясында бастапқы нарықтан үй алуға көмек қолын созған аудан басшысы мен барша азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Баспаналы болғандар осыған дейін әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар санатында үй кезегінде тұрғандар. Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақадыр кентіндегі 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пәтер кілттері отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, Ақсу-Аюлы ауылында 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Қосымша жаңадан салынып жатқан бірінші нарықтағы тұрғын үйлерден жалпы 32 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Шет ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button