Отанға қызмет – Абыройлы борыш

    Жуырда «Мәңгілік алау» ескерткіш мемориалының алдында ҚР Әуе қорғаныс күштерінің таңдаулы бөлімшесінің қатарына, Серебрянк қаласындағы 97638 әскери бөлімінде жедел әскери қызметтен өту үшін 55 әскерге шақырылушыны салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Қарағанды облысының 17 қаласы мен аудандарынан іріктелген әскерге шақырылушылардың әрқайсысы моральдық-іскер сапаға, орташа арнаулы білімге, «В» және «С» категориялы жүргізуші куәлігіне ие. Денсаулық жағдайы бойынша да ешқандай шектеулері жоқ.

Аталған іс-шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, қала аумағында орналасқан әскери бөлімдер, әкім аппаратының және Қарағанды облысының басқарма органдарының өкілдері, «Нұр Отан» партиясының және ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Қарағанды қаласындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің ұландары, әскерге шақырылғандардың туыстары және әскери кафедралардың, кадет сыныбының оқушылары қатысты.

Айта кету керек, жедел әскери қызметке шақыру науқаны 2016 жылдың 1 қазанында басталған болатын. Қарағанды облысынан ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық гвардиясының, ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери бөлімдерінде жедел әскери қызметтен өту үшін 1196 адамды шақыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.