Жаңалықтар

Қостанайдағы оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтірген ер адамға қатысты іс қаралып жатыр, – деп хабарлайды Аlau.kz.

Сот отырысы барысында Сергей Клепиков қызын өлтірген күні не болғанын айтып берді.

“Жұмыстан кейін шамамен сағат 19.00-де досыммен бірге сыра іштік. Сосын үйлерімізге қайттық. Үйге келіп, қызыммен амандасып, жоғарыға қарай көтерілдім. 15-20 минуттай демалып жаттым. Сосын төменге түсіп, не болғанын білмеймін, қолыма пышақ алып, қызыма қарай жүгірдім. Мені кешірмеу керек, өзімді өлтіріп тастағым келеді”, – деді сотталушы.

Сондай-ақ, Клепиков қызымен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Айтуынша, олардың арасында ешқашан ұрыс болмаған. Бүкіл жалақысын тек қызына жұмсаған. Мұнымен қоса, ер адамның 2004 жылы қыздың анасын өлтіргені белгілі болады. Олар сол кезде ажырасқан екен.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button