Спорт

Қоржындағы қола саны онға жетті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарынан тағы да бір қола жүлде ел қожынына түсті. Бұл жолы 10-шы қоланы спорттың ушу түрінен Аяна Тұрсын жеңіп алды.

Жартылай финалдық жекпе-жекте отандасымыз Аяна Тұрсын қытайлық спортшы И Лимен кездесуі керек еді. Алайда, Аянаға техникалық жеңіліс берілді. Әзірге ешқандай төреші шешімі немесе жазба жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Аяна Тұрсын қазақстандық OCTAGON ММА-промоушенінің файтері. Кәсіпқой аралас жекпе-жекте ол 4 кездесу өткізіп, жеңіліп көрмеген.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 10 қола медаль бар.

Ел қоржынына алғашқы алтынды Қазақстанның әйелдер командасы стенд ату жарысынан иеленді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button