Жаңалықтар
Қоржынға күміс түсті
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан күміс медаль қоржынға түсті.
57 келі салмақта өнер көрсеткен Галина Дуванова ақтық кезеңде Филиппин спортшысы Анние Рамирезкеге есе жіберді. Осылайша отандасымыз Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, жерлесіміз джиу-джитсудан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz