Жаңалықтар

«Орталықтың» бәйгесі

Қазан айында облыстық «Орталық Қазақстан» газеті 85 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы ретте облыстың барлық қала, аудан, ауылдары бойынша 2-6 сыныптарда оқитын газеттің жас оқырмандарына арналған «Балбөбектің байқауы» басталғанын хабарлаймыз. Байқауға қатысам деуші жас оқырман газеттің тарихынан бастап, қызмет атқарған қаламгерлер, жалпы, аға басылым туралы білетіндерін бір шығарманың аясына сыйдырып, көркем тілмен беруі тиіс. Жеңімпаздар – «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдық мерейтойында марапатталады.

Қатысушының толық аты-жөні, мектебі, сыныбы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетілген шығарма А4 форматында 14 шрифтімен (Times New Roman) 2 беттен аспауы тиіс. Жазбалар газеттің «ortalyk.kz@gmail.com» электронды адресіне «Байқауға» атауымен жолдану арқылы немесе облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында (Ермеков көшесі, 33, каб. 43, тел: 8(7212) 481636) қабылданады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button