Орталық арқылы – ортақ шешім

Шахтинск прокуратурасы сот орындаушылар және медиаторлармен бірлесе «Айналайын» алимент орталығын ашпақ. Орталық қызметкерлері ажырасып кеткен отбасыларға өзара келісімге келуге және тиімді шешім табуға көмектеседі.

Орталықта істің атқарылуын прокуратура өкілдері, мемлекеттік, жекеменшік сот орындаушылары мен медиаторлар бақылайды.

Айта кетейік, Қарағандының Октябрь ауданында Октябрь ауданының аймақтық сот орындаушылары бөлімінің ғимаратында дәл осындай «Болашақ» алимент орталығы жұмыс жасайды. Орталық жұмысына мемлекеттік және жекеменшік сот орындаушылары, ішкі істер, халықты жұмыспен қамту мекемелерінің қызметкерлері мен медиаторлар тартылған. Онда да азаматтарды қабылдау әр бейсенбі сайын жүргізіледі.

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.