Орталыққа – он жыл

Ақпан айында №36 орта мектеп жанындағы шағын орталыққа он жыл толды. Мерейтойға орай орталық ұжымы «Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз» атты кешке ұйытқы болды.

Шараны мектеп директоры С.Ізтілеуова салтанатты түрде ашты. Өз құттықтауын ала келген шағын орталық түлектері, түрлі байқаулар лауреаты Гүлназ Табарак пен 7-ші сынып оқушысы Нұрасыл Жеңіс әннен шашу шашты. Кеш ұйымдастырушы Сәуле Құралқызы жылы лебізін жолдады.

Сондай-ақ, кеште республикалық көркем сөз оқу байқауында топ жарған Бекжан Мәжит пен Жансая Абжатова сөз алып, ән шырқады. Бүлдіршіндердің әжелері – Әтина мен Үміт апалар ұстаздар ұжымына баталарын берді. Ата-аналар қауымы ұстаздар – С.Құралқызы, Т.Утебаева, Г.Алишева, А.Жүнісова, Н.Медетова және А.Искаковаға алғыс білдірді.

Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.