Жаңалықтар

Орманды өрттен қорғау – ортақ міндет

Орманға барар жолдарда, демалатын, орманішілік жұмыс жүріп жатқан жерлерде өрттен сақтандыратын түрлі-түсті плакат, хабарламалар ілінген. Алайда, орман маңында демалушылар хабарларманы ескере бермейді. Осылайша өртті орманға адамдар әкеледі.

Суреттер автордан

Көп жағдайда орман ішін аралайтын демалушылар кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағады. Күн сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады. Осыдан кейін орман өрті жедел таралады.

Қызыларай орманшылығының жалпы ауданы 25 116 гектар. Ал, орманмен көмкерілгені 9989.1 гектар. Оның ішінде 18 200 гектар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады.

Демалыс аймағына қоқыс лақтырып, қалдықтарды шашып кетеді. Егер демалушылар ескертулерге мұқият қараса, орманды өрттен сақтау жұмыстары жеңілдейді. Осы мақсатта орман және дала өрттерінің алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде жиі жүреді. Ескерту хаттары таратылады.

Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Соны біле тұра оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажеттігін естен шығарады. Жаз айларында өрт жиі орын алатындықтан, ол алдымен елді-мекенге көптеген шығындар келтіреді. Орман шеберлері орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейтінін біледі.

Сондықтан, өрт қауіпсіздігі шараларына аса мән беру қажет. Шөп-шалаңды бей-берекет жағудың арты орман-тоғай өртіне айналады. Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орманды өрттен қорғайық.

Анмет АХАНОВ,
«Орман және жануарлар әлемін қорғау» жөніндегі Ақтоғай КММ  Қызыларай орманшылығының орман шебері.
АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button