Шет

Он міндет-оң бағыт

    Елбасының халыққа Жолдауы – қазақстандықтар жыл сайын асыға күтетін маңызды құжат. Елбасы атап өткендей, бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни, Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасқан. «100 нақты қадам» ұлт жоспары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Біздің ұзақмерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алған. Осыны баса айтқан Елбасы алдағы он міндетті атап өтті. Оның ішінде, әлеуметтік салаға да жіті көңіл бөлінді. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту қажеттігін, өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаhандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуына тиіс екендігін атап өтті.

Қазіргі денсаулық сақтау ісі негізінен аурудың алдын алуға бағытталған. Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары ары қарай жалғасады. Халықтың өмір сүру ұзақтығын  арттыру үшін медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс арта түсетініне ауданның  медицина қызметкерлері түсіністікпен қарауда.

Ол үшін медицина  қызметкерлердің кәсіби білім деңгейін арттыру жұмыстары жалғасын  табады, сапасына көңіл бөлінеді. 2017 жылы мамандардың білім деңгейін көтеруге 5 400012 мың қаражат жұмсалды.

Онкологиялық аурулармен күресу үшін бес жылдан бері скринингтік тексеру шаралары жүргізілуде. Ауданымызда онкологиялық ауруларды ерте анықтау жұмыстары белсенді жүргізілуде, жылдан жылға қатерлі сырқаттың асқынған түрі азаюда.

Аудан бойынша 2017 жылдан бері материалдық-техникалық база нығайтылуда: алты елді мекенде типтік үлгідегі дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. 2017 жылы 108 миллион теңгеге аса қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген, осыған орай аудан бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге толыққанды дайындық жұмыстары жүргізілді.

Жолдауда ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттігі атап  өтілді. Бүгінгі таңда Шет аудандық орталық ауруханасы мен дәрігерлік амбулаторияларда  цифрлық ақпараттық жүйелер қолданысқа енгізілуде: ауруларға көрсетілетін дәрігерлік  қызмет кешенді медициналық-ақпараттық жүйемен атқарылуда және бұл жүйе  арқылы емхана дәрігерлері облыс көлеміндегі жоғары деңгейлі ауруханалармен тығыз  байланыста. Диагнозды нақтылауға жоғары деңгейдегі клиникаларға кез келген қажетті  жағдайда жіберуге мүмкіндік жасалған. Электрондық денсаулық паспортын енгізу, екі мобильдік цифрлық қосымшалар жұмысы атқарылуда. Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімінің қолдауымен аудан бойынша біртіндеп өз шешімін  тауып келеді: 2017 жылы  ауруханамыз 12 дәрігер маманмен толықты, оның алтауы – жас  мамандар. Жоғары санатты хирург маман келуіне  орай ота жасаудың әр түрлі әдістемелері енгізілуде. «Елбасымыздың Жолдауы болашақтағы жолымызды айқындап берді. Ең бастысы, осы Жолдауды жүзеге асырудағы негізгі жетістігіміз – халқымызың әл-ауқаты жақсарады. Қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды. Елбасы атап көрсеткендей, Қазақстан тәуелсіздігінің үшінші онжылдығына дұрыс бағытта қадам басу үшін бізге әлі көп нәрсе істеуге тура келеді.

 

Х.ӘБІТАЕВА,

облыстық мәслихат

депутаты.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button