Абай

Қолжетімді баспаналар салынуда

     Абай қаласы биыл құрылыс алаңына айналды. Өткен жылдармен салыстырғанда, құрылыс көлемі бірнеше есеге артқан.

Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытына сәйкес, соның ішінде, «Әлеу­меттік аз қамтылған тұрғындар үшін жалға беру тұрғын үй қорының құрылуын» жүзеге асыру шеңберінде 9 қабатты, 36 пәтерлі 2 тұрғын үй салынып жатыр. Осы жылдың маусым айында басталған 9 қабатты екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

36 пәтерлік коммуналдық үйдің 18-і – бір бөлмелі, 9-ы – екі бөлмелі, 9-ы үш бөлмелі пәтерлер болмақ. Жалпы сметалық құны 488 966 мың теңге болатын нысанның құрылысын бас мердігер компания «ККК ЛТД» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстарында 37 адамға жұмыс орны ашылды. Пәтерлердің барлығы да әлеуметтік аз қамтылған жандарға берілетін болады.

Аталмыш шаралар толығымен жүзеге асырылғанда ауданымыздағы қамкөңіл балалардың көпшілігінің баспана мәселесінің түйіні тарқатылады деп күтілуде.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button