Қолдау көрсетті
Биылғы жылдың көктемінде облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен келіп, шалғайдағы елді мекен – Бесоба ауылының да жай-күйімен танысқан еді.
Аймақ басшысы ауылдағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория қызметкерлерінің өтініш-тілектеріне құлақ асып, ескерусіз қалмайтынын жеткізген.
Міне, облыс әкімі уәде еткендей, мекемеге қажетті тұрмыстық техникалық құрал-жабдықтар жеткізіліп, мұндағы жұмыс та біршама жеңілдеп қалды. Осы орайда, облыс басшысы Е.Қошановқа, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Нұрлыбаевқа және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жолында туып-өскен ауылына қол ұшын созып, қамқорлық танытқан облыстық тері-венерологиялық диспансерінің басшысы Қ.Сәдуақасовқа ризашылығымызды білдіреміз.
Ауыл әрқашанда осындай елжанды азаматтарды мақтан тұтады. Ауыл ауруханасы – аудан, облыс бойынша алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау орындарының бірі. Мекеме басшысы жас та болса білімі мен біліктілігі жоғары маман – С.Әлмаған.
Медицина қызметкерлеріне дән ризамыз. Біз алдағы уақытта да осындай жандардың елі үшін еселі еңбек ете береріне сенімдіміз.
Тұрсын ЖАҚЫПБЕКОВА,
Бесоба ауылының тұрғыны.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.