Қолданыста – жаңа желі

  Тұтынушылардың темір-бетон бұйымдары мен құрылымдарына күн санап арта түскен сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Сам­ға» ЖШС темір-бетон құры­лым­дары заводы базасында ST-1500 жаңа технологиялық желісі іске қосылды. Соған орай, талапқа сай жаңғыртылған заводтың ашылу рәсімі өткізілді.

Аталған кәсіпорын тауарлық бе­тонның барлық түрін шығаруға ма­шықтанған. Заводтың қайыра жаң­ғыртылуы 60 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Жобаны қаржыландырушы – «Казкоммерцбанк» АҚ Жезқазған филиалы.

Жаңа желінің тұсаукесер рәсі­мінде кәсіпорын ұжымын Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Болатбек Жақсыбаев, Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы Советбек Медебаев, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы өндіріс кәсіпкерлері қауымдастығының директоры Николай Распопов және «Казкоммерцбанк» АҚ Жезқазған филиалының директоры Сәлім Төкенов құттықтап, табыс тіледі.

Заводтың жобалық қуаты бойынша темір-бетон бұйымдары мен құрылымдарының 126 түрін шығару мүмкіндігі бар, – дейді кәсіпорын бас­шысы Мұхтар Үңгітбаев. – Өнді­рілген өнімдерді тұтынушылар – Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданының кәсіпорындары мен тұрғындары. Бұдан тысқары, Қазақстанның ішкі нарығы да қам­тылатын болады.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.