Жаңалықтар

Қойылым құпиясы – эльтер

Қарағанды мемлекеттік К.Станиславский атындағы орыс драма театрының актерлері «Мельпомена ғибадатханасын эльф қанаттарында серуендеп тамашалау» онлайн жобасын ойлап тапты. Осы орайда 3D матрица форматында театрда онлайн-экскурсиялар өтеді.

Жоба авторларының айтуынша, карантин кезінде құрылған «Театр бойынша кезекші» онлайн жобасында актерлер театрда кезекшілікте жүріп, спектакльдерде жұмыс істейді. Қазір У.Шекспирдің «Жазғы түнде ұйқыда» шығармасындағы эльфтер театрда кезекшілік атқарады. Эльфтермен бірге көрермендер театрдың бөлмелерін аралап, театр залынан өз орнын тезірек алуға тырысып жүріп, назарларынан тыс қалдырып қоя беретін спектакльдің құпиясына енуге мүмкіндік алады.

Бұл – театрда 3D матрица форматын қолданатын алғашқы жоба. Алдағы уақытта театрдың сайты мен youtube арнасына келушілер 3D форматында түсірілген түрлі театр іс-шараларын көре алады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button