Жаңалықтар

Облыста жеке тұлғалардың салық берешегі – 988 млн. теңге

Облыс тұрғындары осы жылдың 1 қазанына дейін жылжымайтын мүлікке салық төлеп үлгерулері қажет. Қазіргі таңда аймақтағы жеке тұлғалардың берешегі 988 млн. теңге. Оның 960 млн. теңгесі – көлік құралдарына салынған салық.  Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Қарағанды облысы бойынша орынбасары Қанат Ахметбеков айтып берді.

салық берешегі

– Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелері мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеуі тиіс. 15 қыркүйекке дейін 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру қажет. Биылғы жылы жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде бюджеттік ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары есеп береді, – деді Қанат Ахметбеков.

Салық берешегінің бар-жоғын E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Немесе www.kgd.gov.kz порталы, одан бөлек, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан көруге болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button